Скачать 0.94 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им. И. Алтынсарина PISA-2015 ЗЕРТТЕУІНІҢ ӘЛЕУЕТТІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ – 15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Әдістемелік құрал УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА КУРСА ПО РАЗВИТИЮ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ 15-ЛЕТНИХ ШКОЛЬНИКОВ, ПОТЕНЦИАЛЬНЫХ УЧАСТНИКОВ PISA-2015 Методическое пособие Астана 2014 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 24 қазандағы № 9 хаттама). Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 9 от 24 октября 2014 года). PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсының оқу бағдарламасы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 36 б. Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников PISA-2015. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. – 32 с. Әдістемелік құрал PISA-2015 зерттеуіне оқушыларды дайындау бойынша материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ 2015 жылы зерттеудің әлеуетті қатысушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда элективтік курсты жүргізу есебінен берілген қосымша оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағыттарды ұсынады. Құрал білім беруді басқару органдарының қызметкерлеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептер және колледждердің басшылары мен педагогтеріне арналған. Пособие предоставляет необходимые ориентиры по основным принципам отбора и структурирования материала по подготовке обучающихся к исследованию PISA-2015, а также по ожидаемому результату преподавания базовых учебных предметов с учетом ведения элективного курса по развитию функциональной грамотности потенциальных участников исследования в 2015 г. Пособие предназначено для сотрудников органов управления образования, методистов, руководителей, педагогов общеобразовательных школ и колледжей. © Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014 © Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014 Кіріспе Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау мен мониторингтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен қатар TIMSS, PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да жүргізіледі [1]. Халықаралық зерттеулерге қатысу көптеген әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар аясында еліміздің білім беру нәтижелерін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді [2, 3 б.]. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі ерекше орын алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады [3]. Екіншіден, PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жасар білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр. PISA халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар білім алушылардың мектепте меңгерген академиялық білімін өлшемейді. Зерттеуде олардың академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану (өмірлік дағдылар), сонымен бірге мәселелерді қою мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады. Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді [2, 7–8 б.]. Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады [4]. Бұл нәтижелер 2004 жылы қазан айында республикамызда білім мазмұнын білімділіктен құзыреттілікке көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр [5]. PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап басымды үш бағыттың біріне баса көңіл бөле отырып, үш жылда бір қайталанып жүргізіледі. 2015 жылы зерттеу жаратылыстану сауаттылығына басымдылық беріліп өтетін болады. Алдыңғы жылдары бұл бағыттағы басымдылық 2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы жоспарланып отыр. PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар, атап айтқанда, 15 жасар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын интерактивті ортада бағалау мақсаты болып табылады. Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік тестілеуге назар аударған жөн. Қазіргі уақытта республика бойынша PISA-2015 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы оқу бағдарламасын жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады. 1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ Курстың өзектілігі осы құралдың кіріспесінде берілген. Курстың толық атауы – «PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсы». Бұл курс орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті бөліміндегі сағат есебінен өткізілетін элективтік курс болып табылады. Элективтік курстың мақсаты – оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін элективтік курстың алдында мынадай міндеттер тұр: – математика курсы, жаратылыстану және гуманитарлық цикл курстарына енетін оқу пәндері бойынша игерілетін білім аясын кеңейту; – білім, білік, дағды мен құзыреттіліктің деңгейін жоғарылату; – білім алушылардың өз тағдырын, соның ішінде кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда белсенділік танытуына септігін тигізу; – оқу пәндеріне деген қызығушылық қалыптастырып дамыту. PISA-2015-ке әлеуетті қатысушылары 9-сынып оқушылары немесе колледждің 1-курс студенттері болғандықтан, элективтік курс орта білім беру ұйымдарындағы 8-9-сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған. Курс математика, биология, химия, физика, география, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті секілді базалық пәндерді толықтыратын «қондырма» рөлін атқаратындықтан, курс ұзақтығы мен кезеңдерін мұғалімдердің өздері белгілейді. Бағдарлама материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ «қондырмалық» элективтік курсты жүргізу есепке ала отырып, базалық оқу пәндерін оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен қатар, бағдарлама PISA-2015 зерттеуіне енген қосымша өлшемдер бойынша кейбір ұсынымдарды қамтиды. PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адам іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі [2, 51 б.]. Кестеде көрсетілгендей, элективтік курстың мазмұны жаратылыстану сауаттылығы бойынша тақырып пен бөлімдерін қалыптастырады (1-кесте). 1-кесте – Элективтік курстың мазмұны
1-кестенің жалғасы
PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Зерттеудегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге оқушыларға математиканың олардың өмірінде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі [2, 19 б.; 6, 52 б.]. Математикалық сауаттылықтың екі негізгі ұстанымы бар: математикалық іргелі идея және математикалық құзыреттілік. Математикалық іргелі идея – бұл топ шынайы әрекеттілік, жалпы математикалық түсінік туралы байланыс. Математикалық іргелі идеяларды қалыптастыру аумағы «Өзгерістер мен қатынастар», «Кеңістік және форма», «Белгісіздік» бөлімдерінің тест тапсырмаларынан тұрады (2-кесте). 2-кесте – Математикалық іргелі идеялар
Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады [7, 40 б.]. PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады. Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында. Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады. ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ Мәтінге сүйену Мәтіннен тыс бөлімге сүйену Табу және үзінді келтіру Кіріктіру және түсіндіру Мәтін мазмұны Мәтін түрі Ұғыну және бағалау 1-сурет – PISA / функционалдық оқу сауаттылығы Тест сұрақтарын орындау сәттілігі PISA халықаралық емтиханына қатысушы елдердің 15 жастағы білім алушыларының оқу сауаттылығының деңгейлеріне сәйкес топтастырылды. Тест жұмыстарын орындау нәтижелерін сапалы өңдеу үшін PISA халықаралық шкаласы оқушылардың оқу сауаттылығын 7 деңгейге бөліп бағалайды. Әр деңгей оқырман білігінің толық спектрінен құралады. Оған 3 категория енеді – табу және үзінді келтіру (ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақтау дағдылары), кіріктіру және түсіндіру (мәтінді түсіну үшін оқылғанды өңдеу), ұғыну және бағалау (білімге, мәтін идеялары мен мағынасына сүйену). Оқу сауаттылығының әр деңгейіне сай келетін оқу білігінің сипаттамалары әдістемелік осы құралдың 2-бөлімінде келтірілген. |
Ситуационные задачи по оценке функциональной грамотности учащихся средней школы Методическое пособие подготовлено кандидатом педагогических наук, доцентом Конасовой Наталией Юрьевной |
Ситуационные задачи по оценке функциональной грамотности учащихся средней школы Методическое пособие подготовлено кандидатом педагогических наук, доцентом Конасовой Наталией Юрьевной |
||
Образовательная программа дополнительного образования по речевому развитию «Учимся читать» Образовательная программа дополнительного образованияпо речевому развитию «Учимся читать» (методическое пособие) – Ачинск, 2015.... |
Учебно-методическое пособие Елабуга 2016 ббк 74. 58 Учебно-методическое... Методическое пособие предназначено для студентов 1 курса высших учебных заведений неязыковых специальностей |
||
Учебно-методическое пособие к практическим занятиям по акушерству... Учебно-методическое пособие представлено кафедрой акушерства и гинекологии сгма в помощь студентам 6 курса лечебного факультета при... |
Учебно-методическое пособие для студентов 1, 2 курса очной формы... Учебно-методическое пособие предназначено для студентов-очников (1-2 курсов) учебных заведений (факультетов) неязыковых специальностей... |
||
Учебно-методическое пособие тверь 2015 удк 339. 543(075. 8) Ббк у428-861.... С 47 Таможенные платежи: учебно-методическое пособие. – Тверь: Твер гос ун-т, 2015. – 155 с |
Рабочая программа по английскому языку для 4 класса на 2014/2015 учебный год Программа курса «Forward» реализует основные положения концепций лингвистического образования младших школьников |
||
Учебно-методическое пособие Рекомендовано методической комиссией... Методы молекулярной диагностики: Учебно-методическое пособие. Авторы: А. Д. Перенков, Д. В. Новиков, С. Г. Фомина, Л. Б. Луковникова,... |
Методическое пособие «Методическое обеспечение внеаудиторной самостоятельной работы студентов» «Машинист локомотива», 190629. 07 «Автокрановщик» (для второго курса) и 15. 01. 05 «Сварщик (электросварочные и газосварочные работы)»,... |
||
Методическое пособие для студентов 2011 год ивановский фармацевтический колледж Методическое пособие по фармакологии предназначено для студентов 2 курса очной и очно-заочной форм обучения (специальность Фармация,... |
Учебно-методическое пособие для социальных педагогов Балашов Социально-педагогической деятельности в условиях работы летних оздоровительных досуговых групп |
||
) проект рамки (структуры) совместного решения задач март ... |
Учебно-методическое пособие для преподавателя предназначено для подготовки... А. Н., Мишина И. А., Казакова Е. И., Новикова Т. Г., Новиков А. Е., Петрова Е. Н., Руднева О. С., Шимутина Е. Н, Чиндилова О. В.... |
||
Iii всероссийская неделя финансовой грамотности для детей и молодежи стартует в апреле Проект министерства финансов российской федерации «содействие повышению уровня финансовой грамотности населения и развитию финансового... |
Методическое пособие Саратов 2008 г. Организация комплексной системы... Методическое пособие предназначено для руководителей и преподавателей- организаторов обж образовательных учреждений |
Поиск |